Президент • 08 Қараша, 2022

Президент Атырау облысына барды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы сапары Атырау облысы жұртшылығымен кездесуден басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Атырау облысына барды

«Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді. Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды», деді Президент.

Оның айтуынша, бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары.

«Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мен Үкімет басқарған кезде мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын. Мұнайды экспорттау жолдары шектеулі, өте қиын заманды бастан өткердік», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15