Спорт • 09 Қараша, 2022

Спартакиада финалына жолдама алды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр өңірінде волейболдан НЗМ оқушылары арасындағы дәс­түрлі желілік спартакиаданың аймақтық кезең ойын­да­рында Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз және Түр­кістан қалаларының спортшылары сайысқа түсті.

Спартакиада финалына жолдама алды

Ойынның ашылу салта­на­тындағы командалар ше­руіне көрермендер қошемет танытты. Қызылордалық зияткерлер саламатты өмір салтын насихаттайтын музыкалы қойылым қойды.

Назарбаев зияткерлік мек­тептерін дамыту департаменті ди­ректорының орынбасары Аида Ағаділдің айтуынша, во­­лейболдан аймақтық ке­зең­дер Қызылордамен қатар Өс­­кемен, Астана, Атырау қа­ла­­ларында өткізіліп отыр.

Үш күнге созылған спартакиадада сыр елінің қыздары жеңіске жетсе, ұл­дар арасында тараздық коман­да бірінші орынды иелен­ді. Алматыдағы химия-биоло­гиялық бағыт­тағы зият­кер­лік мектеп қыз­дары мен қы­зылордалық ұл­дар коман­дасы екінші орын­ға орнықты. Үшінші орын жүл­десі Тараз­дағы НЗМ қыз­дары мен алма­ты­лық ұлдар командасына бұйыр­ды.

– Спартакиадаға алғаш рет қатысып отырмын. Шым­­­­кенттің командасымен тартыс­­ты ойнадық. Бір-бі­рі­мізге есе жі­бермеуге ты­рыс­қа­нымызбен, қар­сы­­лас­тарымыз алға шық­­­­ты. Келесі жа­рысқа да­­йын­­­дықпен ке­леміз, – дей­­ді түркістандық Арнұр Бақыт­жан.

Жарыста көзге түскендер түрлі ата­лымдар бойынша ма­ра­патталды. Ай­мақ­­тық кезеңде алғашқы екі орынды ие­­­лен­ген командалар жел­тоқ­сан айында өте­тін фи­нал­дық ойндарға жолдама алды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА