Қазақстан • 09 Қараша, 2022

ИИДМ Тимур Тоқтабаевқа қатысты пікір білдірді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсталған шенеулік Тимур Тоқтабаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ИИДМ Тимур Тоқтабаевқа қатысты пікір білдірді

Ұсталған экс-шенеунік Тимур Тоқтабаев ИИДМ-де 2019 жылдан бері жұмыс істемейді.

«Т.Тоқтабаев 2016-2019 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінде министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейін 2019 жылғы 5 наурыздан 17 желтоқсанға дейін экс-шенеунік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 желтоқсанында, яғни 3 жыл бұрын Т.Тоқтабаев вице-министр қызметінен өз еркімен кетті.

Қамауға алынған экс-шенеунік туралы қосымша ақпарат беруге, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге қатысты мәселелер қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының құзыретінде», деп министрлік ресми хабарлама жолдады.

Біз бұған дейін, Тимур Тоқтабаевтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.