Президент • 09 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

«Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.