Экология • 10 Қараша, 2022

Экоқылмыс залалы

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҰҰ мәліметінше, экология­лық қылмыс 3 млрд долларға баға­ланатын атыс құрал­да­ры­ның заңсыз саудасынан да асып түседі. Жалпы, бұл сала қылмыс деңгейі тұрғысынан есірткі контрабандасы, жалған ақша жасау және адам саудасынан кейін төртінші орында тұр. Экологиялық қылмыс салдарынан жоғалған қаржы көлемі онымен күреске жұмсалған қаржыдан (небәрі 20-30 млн доллар) 10 мың есе асып түседі.

Экоқылмыс залалы

Сарапшылар дерегінше, эко­қыл­мыс, әсіресе дамушы елдерде өршіп тұр. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіретін қылмыстарға реакция көбіне, сирек кездесетін жануарларды өлтіргеннен кейін немесе өсімдіктер жойылғаннан кейін пайда болады.

«Мысалы, биыл тамызда Астана­ның үш тұрғыны 43 кило ақбөкен мүйізін сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың қылмысынан мемлекетке 312 млн теңге залал келген. 2017 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін елі­мізде жыл сайын 1,1 мыңға жуық экологиялық құқық бұ­зу­шылық тіркелген. Жыл сайын қылмыс саны азайып жатқанына қарамастан, қар­жы­лық зиян мөлшері өсіп жатыр. Былтыр экологиялық қылмыс салдарынан 5,3 млрд теңге қаржылық шығын келген. Бұл 2017 жылдан бері тіркеліп отырған рекордты сома», деп жазды Ranking.

Экологиялық қылмыстың залалы әсте жеңіл емес. Табиғатқа келтірілген зиян салдарынан тұтас экожүйе бұзылады, экологиялық апат­ пайда бола бастайды, таби­ғат жүйесі құрдымға кетіп, түрлі аурулардың туу тәуекелі артады. Жалпы, 2017 жылдан бері эко­қыл­мыс салдарынан жыл сайын 3,5 млрд теңге көлемінде шығын тіркелді. Алайда кінәлілер шығын сомасын өтеуге асығатын емес. Ке­йін­гі бес жылда жыл сайын тек 676,5 млн теңге өтелген. Бұл бүкіл шығын со­ма­сының 19 пайызы ғана.