Фестиваль-байқау Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының талай балғын өнерпаздар буынын бекітіп, топшысын қатайтып, үлкен сахнаға аяқ басуына дәнекер болған бірегей жоба. Төрт күн бойы 400-ге жуық жас орындаушылар 7 номинация бойынша сайысқа түсті.
Биылғы дәстүрлі байқауда Ақтөбе облысы, аудандары мен қала мектептерінен 6, тіпті шалғайдағы Ойыл, іргедегі Қарғалы, Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері өнерлерін ортаға салды. Өнер байқауына үкілі үміттерін арқалап келген 400-ге жуық жас талап өнерпаздардың 154-і «Қазхромның» филиалдары Дөң, Жәйрем кен-байыту комбинаттарының, «Қазмарганец» кен басқармасының, Ақтөбе, Ақсу ферроқорытпа зауыттарының балғындары. Байқаудың салтанатты ашылуында өнер додасының ұйымдастырушысы әрі ұйытқысы болып отырған «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың президенті Виктор Тиль жас өнерпаздарға құттықтау сөз арнады.
Сахнада өздерін құдды бір кәсіби әншілер, бишілер, күйшілер сияқты ұстаған жас орындаушылардың жезтаңдай үндері, күмбірлете тартқан күйлері жиналғандарды тәнті етпей қоймады. Металлургтер мәдениет үйі төрт күн бойы әсем сазды ән мен күмбірлеген күйге бөленді, мың бұралған бимен көмкерілді десе де болғандай.
Қазылардың шешімі бойынша «Айналайын-2014» фестиваль-конкурсының бас жүлдесін «Вокал» жанры бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Анара Күйшенова, Ақсу ферроқорытпа зауытынан Әлібек Әлімжанов және №45 орта мектептен Ақмерей Әбдірахманова жеңіп алды. Ал «Хореография» аталымында тек қана Ойыл ауданының «Маржан» би ұжымы бас жүлдеге қол жеткізді. Ал «Театр» жанры бойынша бас жүлде Дөң тау-кен байыту комбинатының «Шабыт» ұжымына бұйырды. «Аспаптық» жанрында Гран-приді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының «Жастар» ұлт-аспаптар оркестрі, Мәртөк ауылының домбырашылар ансамблі өзара бөлісті. «Айналайынның» 15 жылдық мерейтойына байланысты «Бейнеролик» аталымы бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауытының дайындаған бейне ролигі үздік деп танылып бас жүлдеге ие болды. «Бейнелеу өнері» бойынша Гран-при Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Милана Прохина, Елизавета Волкова және Хромтаудың гимназия-мектебінің оқушысы Анастасия Соболеваға, қалалық балалар мектебінен Александр Петроваға бұйырды. Бас жүлдеге ие болған ұжымдар 27 мың, жеке орындаушылар 18 мың, бірінші орынды місе тұтқан ұжымдар 24 мың, жеке өнер иелері 15 мың теңге алды. Өзгелер де атаулы сыйақымен, дипломмен марапатталды.
Мәдени шара фестиваль-конкурстың 2002 жылғы жүлдегері Димаш Құдайбергеновтің орындауындағы әсем әнмен қорытындыланып, отшашумен аяқталды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30