Қоғам • 10 Қараша, 2022

Құмар ойын ойнаған полицейлерге тәртіптік жаза қолданылды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында құмар ойынына әуес полицейлер көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Құмар ойын ойнаған полицейлерге тәртіптік жаза қолданылды

«Ойын бизнесіне қатысы бар барлық полиция қызметкерлеріне тексеру жүргізілді. Іс жүзінде 88 полиция қызметкері анықталды. Ал, Алматы облысы прокуратурасының мәліметі бойынша, 97 полиция қызметкері анықталған. Олардың 17-сі бұрын ішкі істер органдарынан босатылған. «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптары бойынша ойын бизнесімен айналысқан қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қолданылды», делінген ведомство мәліметінде,

Сондай-ақ ІІМ барлық басшылықпен және ішкі істер органдарының қызметкерлерімен заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Дегенмен,  Ішкі істер министрлігі аталған 88 қызметкердің кім екенін, қандай қызмет атқарғанын, жылдық жалақысы қанша, ойынханада қанша ұтылғанын айтудан бас тартты.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тергеу тек қазіргі қызметкерлерге ғана емес, бұрынғы қызметкерлерге де қатысты жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, әр облыс пен басқармалардан келген 305 мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезінде ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтаған болатын.

«Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысуы анықталды. Жылдық табысы 3 миллион теңгеден аспайтын Қазақбеков Д.А. «Бомбей» ойынханасына 76 рет барып, 15 миллион теңге жұмсаған. Жылдық табысы 1,5 млн теңгені құрайтын Бақытов А.Б. «Astoria» казиносына 13 рет барып, 23 млн теңге көлемінде қаржы жаратқан», делінген прокуратураның құжатында.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025