Оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта Құрманғазы ауданында, Жасталап ауылының маңында болған. Қалалық ПД Toyota Corolla көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалғанын хабарлады. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушіні анықтау барысында оның 2008 жылы туған жасөспірім екені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жалпы мән-жайды анықтау барысында жасөспірімнің көлікті ата-анасының рұқсатынсыз басқарғаны анықталды. Сондай-ақ көлікте болған 2007 жылы туылған төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.