29 Мамыр, 2014

Кәсіпкерлердің құқын қорғауда оңды істер бар

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Жиналыс жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Өңірлік даму министрлігінің өкілдері қатысты. Кеңес төрағасы Қ.Сұлтанов атап өткендей, әкім­шілік кедергілерді азайту және бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы өз Жолдауында бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауға тағы да назар аударды. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту дегеніміз, мемлекет пен бизнестің серіктестік қарым-қатынасын, қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру, анықтау және жазалау саясатынан адал ниетті кәсіпкерлерді ескерту және көтермелеуге өту бойынша реформалар жасауды білдіреді. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығын жү­зеге асыру мәселелері прокура­тура органдарының ерекше бақы­лауында тұр, ол бойынша ағымдағы жылдың сәуірінен бас­тап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылды. Тексерістер тоқтатылған уақыттан бері мемлекеттік органдар бастамашы болған 3 тексеріс тіркелген, ал осыған дейін жыл бойына орта есеппен 200 мың шамасында тексеріс жүргізіліп келген. Про­ку­ратура органдары тексеріс тағай­ын­дау туралы 10 актіні тексеру­ден бас тартты. Мораторий талап­тарын бұзғандары үшін 11 лауазым­ды тұлға жауапкершілікке тартылды. Мораторий енгізуден күтілетін басты нәтиже бизнесті дамытуға ыңғайлы жағдай жасау және әкім­шілік ауыртпалықты азайту болып табылады. Сонымен қатар, жи­налыста аталып өтілгендей, мем­лекеттің бастамасын кәсіп­кер­лердің дұрыс түсінуі және заңды­лық­ты мүлтіксіз сақтаудың да маңыздылығы ерекше. «Егемен-ақпарат».