Шерушілер премьер-министрдің қызметтен кетуін талап етуде. Соңғы деректерге сәйкес, наразылық акцияны оппозиция өкілдері ұйымдастырған. Қарсылық шараның кесірінен шаһардың басты көшелерінде көлік қозғалысы тежелді.
«Жалпы шеру бейбіт түрде өтсе де кейбір ашуға ерік бергендер тәртіп сақшыларының қорғаныс шебін бұзуға тырысқан. Полиция бір адамды қамауға алды», деп жазылған «Хабар 24» таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Албанияда биыл азық-түлік бағасы 8 процентке өсті, сондай-ақ жанармайдың құны да шарықтап кеткен.