32 жастағы ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі Шұбарқұдық - Ойыл автожолында жүріп келе жатып, автокөлік рулін басқара алмай, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші жолаушы - 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.