Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі кезектен тыс президент сайлауында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

«Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп күтілуде», деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихаты барысында.

Ол шет елдерде дауыс беру жексенбі, 20 қараша күні елдің жергілікті уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетінін түсіндірді.

«Шетелде дауыс беру процесін уақытылы және толыққанды дайындау үшін Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз», деп қосты А. Смадияров.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45