Теннис • 15 Қараша, 2022

Словакияда жеңіске жетті

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Словакияның Братислава қаласында ұйымдастырылған Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.

Словакияда жеңіске жетті

Жүлде қоры 68 мың еуроға бағаланған Братиславадағы турнирде жерлесіміз украиналық Денис Молчановпен бірге жұп құрап өнер көрсетті. Осы доданың үшінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық-украиналық жұп бас жүлде үшін өткен фи­нал бәсекесінде чехиялықтар – Петр Ноза мен Андрей Полсонды үш сетте – 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің жеңім­паздары атанды.

Осылайша, Александр Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Бұл – қазақстандық теннисшінің жеке рекорды. Жерлесіміз 25 титулының үшеуін жекелей сында, 22-сін жұптық сайыста жеңіп алды. А.Недовесов үшін 2021 жыл аса табысты болып, жеті рет әртүрлі турнирлердің бас жүлдесін жеңіп алған еді.