Магоффин округінің 40-маршрутында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус Салерсвилл қаласына қарай келе жатқан кезде жолдан шығып, аударылып қалған.
Зардап шеккендер арасында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бар. Олар тікұшақ және жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, оқиғаға басқа көліктер қатысқан жоқ. Мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері орнатылмағаны белгілі болды. Соның салдарынан зардап шеккендер көп болған. Қазір оқиғаның себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.