Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Ресейдің Қазақстан арқылы жүргізетін астық тасымалы артты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ресейлік астықтың Қазақстан арқылы өтуі - жалпы көлемнің төрттен біріне артты, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің Қазақстан арқылы жүргізетін астық тасымалы артты

«2022 жылдың 10 айында Ресейден Қазақстан аумағы арқылы транзитпен астық тасымалдау 2021 жылмен салыстырғанда 24% өсті», делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚТЖ ресейлік агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың тарифтік шарттары соңғы төрт жылда өзгермегенін мәлімдеді.