Елорда • 15 Қараша, 2022

Астанада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылады

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылады

Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, халықаралық байқаушылар мен елордалық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

«Елордада барлығы 407 сайлау учаскесі бар. Оның 68-і Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан. Астанада халық санының көп болуына байланысты 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды. 20 қарашада сайлау учаскелеріне 768 мыңнан астам сайлаушы келеді деп күтудеміз», деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.

Оның айтуынша, елдегі сайлау учаскелерін кезектен тыс президенттік сайлауға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30