Футбол • 16 Қараша, 2022

Адиев құрамада қалады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясы ұлт­тық құраманың бас жаттықтырушысы Маго­мед Адиевпен келісімшарттың ұзар­тыл­ғанын мәлімдеді. Жаңа келісім 2024 жыл­дың соңына дейін жоспарланған.

Адиев құрамада қалады

 

Ресейлік маманның сәуір айында ғана бас команданың тізгінін ұстап, санаулы айдың ішінде Қазақстан құрамасын толайым табысқа жеткізгенін жанкүйер жұрт жақсы біледі. Сондықтан да ҚФФ басшылығы тәжірибелі маманнан оңай айырылғысы келмей, Адиевпен келісімшартын тағы екі жылға ұзартты. Жыл басында қалт-құлт етіп Ұлттар лигасының «С» дивизионындағы орнын әрең сақтап қалған Қазақстан құрамасын ол төрт айдың ішінде «В» лигасына алып шықты.

Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы алты ойын өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетті. Бір ойында қарсыластарымен тең түссе, тағы бір матчта жеңіліп қалды. Топтық кезеңнің алты матчында жерлестеріміз қарсыластары қақпасына сегіз гол соғып, өз қақпасына алты гол өткізіп алған.

Айта кетейік, Магомед Адиев басшы­лығындағы Қазақстан құрамасы бүгін Таш­кентте Өзбекстанмен, 19 қарашада Бірік­кен Араб Әмірліктерімен жолдастық матч өткізеді.