29 Мамыр, 2014

Елбасы 29 мамырды Еуразиялық интеграция күні ретінде атауды ұсынды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-nazarbaev-3

АСТАНА. 29 мамыр. Бұл күні бұдан былай Еуразиялық интеграция күні ретіндегі айтулы датаға айналуға лайық. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. «Бүгін Қазақстан, Ресей және Беларусь халқы үшін айтулы күн. Еуразиялық экономикалық одақ мәңгі достық, тату көршілік пен өзара қарым-қатынастың жаңа берік механизмі. Мен сондықтан да 29 мамырды біздің елдеріміздің айтулы даталар күнтізбесінде – Еуразиялық интеграция күні ретінде енуге лайықты деп санаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Барша азаматтарды осынау тарихи күнмен құттықтай отырып, біздің экономикалық одағымызға ақ жол тілеймін», - деді Президент. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: BNews.kz.