Қоғам • 17 Қараша, 2022

Көпбалалы отбасыларға 284 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 496,6 мыңға жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін алды. Қазан айында ғана 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпбалалы отбасыларға 284 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар ала алады.

«Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.