Оқиға • 17 Қараша, 2022

Ақтөбеде жол апатынан 2 адам көз жұмды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апаты 16 қарашада Байқадам кентінің жанындағы Шалқар - Базой автожолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтөбеде жол апатынан 2 адам көз жұмды

ВАЗ-21115 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолға шығып кетіп, ГАЗельмен соқтығысқан.

«ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. ГАЗель жүргізушісі мен екі жолаушы Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деді Шалқар аудандық ПБ-ның бастығы Ринат Сатаев.