Қазақстан • 17 Қараша, 2022

Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде цифрлық әскери билет енгізіледі. Бұл туралы  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

Ростислав Коняшкин атап өткендей, қазір «ҰАТ» АҚ Қорғаныс министрлігімен бірлесіп тіркеу куәлігі мен әскери билетті цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Қазір біз әскери билеттерді цифрландыруға қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша электронды құжат келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қолжетімді болады», деді Ростислав Коняшкин.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінің әскери есепке алу құжаттарын цифрландыру бойынша ауқымды жоспарлары бар.

Еске сала кетсек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төлқұжаттың eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлады. Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстанда ғана пайдалануға болады.