Қоғам • 17 Қараша, 2022

«eGov» жүйесіндегі жиі туындайтын мәселелердің себебі айтылды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин eGov жүйесінде жиі туындайтын мәселерге байланысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«eGov» жүйесіндегі жиі туындайтын мәселелердің себебі айтылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Р. Коняшкин eGov.kz электронды үкімет порталы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылданатын жүйе екендігін түсіндірді. 

«Мемлекеттік қызметтердің өзі мемлекеттік органдардың әртүрлі ақпараттық жүйелерінде көрсетіледі, олардың саны өте көп. Әрбір министрлікте мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақпараттық жүйесі бар», деді ол.

Оның айтуынша, әрбір мемлекеттік қызметте көптеген интеграциялық қызметтер, әртүрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасу базалары бар.

«Егер қазіргі уақытта басқа мемлекеттік қызметтерде қолданылатын кем дегенде бір шағын қызмет қолжетімді болмаса, бұл оны алуға әрекеттеніп отырған белгілі бір пайдаланушы үшін мемлекеттік қызметтің қолжетімсіздігіне әкеп соғады», деп қосты Ростислав Коняшкин.

Ол қазір порталдың тұрақты және қолжетімді болғанын айтты. 

«Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі тұрақты, ақаусыз жұмыс істейді. Сондай-ақ eGov порталының тұрақтылығы, оның ішінде оның басқа құрамдас бөліктері: көші-қон шлюздері, электрондық үкімет және т.б. айтарлықтай жақсарғанын айтқым келеді. Біз соңғы 2 жылда қателер бойынша біраз жұмыс бітірдік. Порталдың қолжетімділігін айтарлықтай арттырдық.

Бұрынғы уақыттарды еске түсірсек, иә, белгілі бір шағымдар болды, енді мен 2022 жылдың тамызында порталдың белгілі бір ақауы болғанын мойындаймын. Бірақ бұл көбінесе инфрақұрылымға қатысты мәселе болды», деп түйіндеді Р. Коняшкин.