Қоғам • 18 Қараша, 2022

Жазылу науқаны жүріп жатыр

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Алматы почтамты» Алматы филиалында «Жазылушылар күні» өтті. Бұл күні пошта бөлімшесіне келушілер үшін мерзімді басылымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Жазылу науқаны жүріп жатыр

«Егемен Қазақстан», «Ка­зах­станская правда», «Қазақ әде­биеті», «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алматы», «Заң га­зеті», «Юридическая газета», «Мөлдір бұлақ», «Бала­лар әлемі», тағы да басқа газет-журнал ре­дакцияларының өкілдері оқыр­мандармен кез­десіп, жазылым барысына қа­тысты сұрақтарға жауап берді.

«Алматы почтамты» Ал­ма­­ты филиалы дирек­торының орынбасары Темірхан Мұсаев отандық пошта қызметінің барысына тоқталып, алдағы жос­пар туралы ақпарат берді.

«Цифрлық технологиялар қарыштап дамыған кезеңде оқырманға газет-журналдарды дер кезінде жеткізіп отыру маңызды. Қала тұрғындары ақпаратты интернеттен жылдам алу мүмкіндігіне ие, ал шалғай ауылдарға басылымдарды уақтылы жеткізіп отыру үл­кен жауапкершілік жүктейді. Өйткені оқырман өзі таңдап жазылған басылымнан қажетін іздейді, танымдық дүниелерді дер кезінде оқығысы келеді. Сондықтан оқырман қажетінен шығу үшін редакция мен «Қазпошта» филиалдары ара­сын­да мазмұнды, мақсатты жос­парларды жүзеге асыру қажет», деді Т.Мұсаев.

Пандемияға байланысты дәл бүгінгідей кездесу өткізудің мүмкіндігі болмады. Ендігі кезекте пошта басшылығы тарапынан жылына екі мәрте өтетін жазылу науқанына бай­ланысты оқырмандармен кездесулерге қатысты шаралар форматын ке­ңейту жоспарланып отыр. Елі­міздің барлық аумағына пош­та­лық, логистикалық қызмет түрін ұсынып отырған ұлттық опе­ратор ретінде «Қазпошта» өңір­лер мәселесіне де көңіл бө­ліп, газет-журналдардың қол­жетімділігін жеделдетуді, ло­гис­­тикалық саясатқа қатысты жұ­мыстарды жақсарта түс­пек.

Бүгінде дәстүрлі басылым­дардың болашағына қатысты пікірлер екіге жарылады. Кәсіби мамандардың дерегінше, заманауи мерзімді басылымдар жаң­ғыру кезеңінде тұр. Ал цифр­лық технологиялардың масс-медиа нарығына дендеп енуі дәстүрлі басылымдарға тың серпіліс береді.

Редакция өкілдері мен оқыр­­ман арасында осы маз­мұн­да өрбіген сұхбат алаңы әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

 

АЛМАТЫ