Футбол • 18 Қараша, 2022

Өзбекстаннан жеңілді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамасы сырт алаңда кейінгі 15 жылда бірінші рет бір-бірімен жасыл алаңда жолықты.

Өзбекстаннан жеңілді

 

Ташкенттегі әйгілі «Пахтакор» стадио­нында өткен жолдастық кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кез­десудің есебін 12-минутта Ресейдің «Тор­педо» клубында өнер көрсететін Ходжимат Еркінов ашса, бірінші таймның соңғы минутында италиялық «Рома» мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шо­муродов есепті еселеді. Бұл жерде Шому­родов шеберлігін ерекше атап өткен жөн.

Екінші таймды Қазақстан құрамасы белсенді бастағанымен, кездесу соңына дейін есепті өзгерте алмады. Бас бапкер Ма­гомед Адиев алаңға бірнеше ойыншыны шығарғанымен, олар да Өзбекстан құра­масының қақпасына гол соға алмады. Бір айта кетерлігі, кешегі матчта екі жылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралған Бауыржан Исламхан алғаш рет жасыл алаңға шықты.

Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойы­нын ертең, яғни 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізеді.