ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл ауданы Амангелді ауылында жабайы жануарлардың өлексесін кесіп жатқан 39 бен 66 жас аралығындағы бес ер адам ұсталды.
«Оқиға орнынан сойылған бес сібір еліктерінің өлексесі, бес атыс қаруы тәркіленді. «Заңсыз аңшылық» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады