Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Жүз жастағы қария дауыс берді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді. 12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүз жастағы қария дауыс берді

«Жаңа Қазақстанды құрамыз дегенді естіп жатырмыз. Оны үкімет қана емес біз бәріміз құруымыз керек. Ешкім тыс қалмай өз дауысын берсе, атсалысқаны сол болады. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін»,  дейді кейуана.

Таңғы сағат 7-ден өткенде алғашқылардың бірі болып дауыс берген қарияға №739 сайлау учаскесі дәстүр бойынша естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, жалпы Панфилов ауданы бойынша 74 сайлау учаскесі болса, 85 мыңға жуық тұрғын сайлауға қатысу құқығына ие.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35