АСТАНА. 30 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың келісімі оған қатысушы барлық тараптардың көңілінен шығады, оның талаптары түгел қанағаттандырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, Беларусь және Қазақстан елдері басшыларының шағын шеңбердегі кездесуін ашарда осылай деді. Бұл туралы РИА «Новости» тілшісі хабарлады.
Қазақстан лидерінің айтуы бойынша, аталмыш құжаттың «Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің болашағы үшін тарихи мәні бар». «Келісім барлық мемлекеттердің мүддесін қорғай алатындай салмақты, сауатты етіп жасалды», - деді Назарбаев. Ол өз сөзінде осы бағытта орасан зор жұмыстардың атқарылғанына тоқталып, ақыр соңында «барлық тараптарды қанағаттандыратын мәмілеге келгенін» атап өтті.
«Онда мемлекеттердің тең құқықтығының, олардың территориялық тұтастығының, сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымдары ерекшеліктерін құрметтеудің барша қағидаттары қамтылған барлық базалық аспектілер атап көрсетілді», - деді Назарбаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашардағы сөзінде. Одақтың шешімдері «әрбір тарап анықтаушы дауыс алатын» консенсус қағидаты бойынша қабылданады. «Кадр саясаты тараптардың тең мөлшерде ұсыну және конкурстық негізде қабылдау прициптері бойынша құрылады», - деп түсіндіріп өтті ол.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: РИА «Новости».
Фото: РИА «Новости». Михаил Климентьев.