Сайлау • 20 Қараша, 2022

Қазақстанда президент сайлауы аяқталды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда президент сайлауы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда президент сайлауы аяқталды

Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 облысында дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты.

Осылайша, еліміздің барлық өңірлерінде 10 мыңнан астам ашық сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдерді санап жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда таңғы сағат 07.00-ден бастап Президент сайлауына дауыс беру рәсімі басталды. Дауыс беруге ел бойынша барлық 10 033 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Сондай-ақ, шетелде ашық 68 сайлау учаскесінің 57-сі өз жұмысын жалғастыруда. Астана уақытымен сағат 21:00-де Сан-Францискодағы тағы бір учаске жұмысын бастайды.