Әлем • 21 Қараша, 2022

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті

Kompas басылымының мәліметінше, қаза тапқандардың көбі балалар. Батыс Ява штатының губернаторы Ридван Камил бұған апат кезінде мектеп оқушыларының сабақта болғаны себеп болғанын айтты.

Сондай-ақ, губернатордың айтуынша, 326 адам зардап шекті, 13 784 адам зілзала ошағынан эвакуацияланды.

Еске салайық, Индонезия астанасы Джакартадан оңтүстікке қарай 72 шақырым жерде орналасқан Чианжур қаласына жақын Батыс Явада 5,6 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұған дейін табиғи апаттан 46 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.