Әлем • 21 Қараша, 2022

Индонезияда жер сілкінісінен 46 адам қайтыс болды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан 46 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияда жер сілкінісінен 46 адам қайтыс болды

АҚШ-тың Геологиялық қызметі ұсынған деректерге қарағанда, Батыс Явадағы Чианджур қаласында орын алған 5,6 балдық жер сілкінісі 10 км тереңдікте болған.

Жер сілкінісі Джакарта астанасынан шамамен 100 км қашықтықта сезілді. Индонезия астанасының көпқабатты ғимараттарында болған адамдар да дереу эвакуацияланды.

Индонезия билігі хабарлағандай, жер асты дүмпулері әлі де қайталану мүмкін. Жер сілкінісі болған аймақтың көшкінге бейім екені бұрыннан белгілі. Чанджур қаласы әкімшілігінің басшысы Герман Сухерман ауқымды жер сілкінісінен кем дегенде 46 адам көз жұмғанын хабарлады. Тағы 700-ге жуық адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Ұлттық агенттіктің хабарлауынша, Чанджур аймағында ондаған ғимараттар опырылып түскен. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар мекемелер, атап айтқанда, аурухана мен ислам мектеп-интернаты бар.