Аймақтар • 21 Қараша, 2022

«Алтайдың ар жағынан келген ару»

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде ретроға айналып кеткен «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнімен қазақ сахарасын тербеткен Тынышбай Рахимовтің «Жаңатас көктемі», «Алтайдан сәлем», «Мөлдірім» секілді сөзі мен сазы үйлескен шығармалары да жұрттың жүрегінде сақталған.

«Алтайдың ар жағынан келген ару»

Тараз қалалық «Анаға тағзым» орталығының ұйыт­қы болуымен «Ал­тай­дың ар жағынан келген ару» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға Тынышбай Ра­хи­мовтің ұлы Таңат, қа­рындастары Айткүл мен Аман­күл қатысып, ақын, ком­позитордың шы­ғар­ма­шылығы, кісілік кел­беті туралы ойларын ор­таға салды.

«Әкемнің нотаға түскен 81 әні бар екен. Жұрттың жүрегіне жылы тиген «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні әлі күнге әр жерлерде орындалып жатады. Менің әкем – ха­лықтың адамы. Қай кезде де елдің ортасында жүрді. Сегіз баланың әкесі ретінде біз­дің бойымызға тек жақ­сы қасиеттерді дарытты», деді Таңат Рахимов әкесі туралы толғана сөйлеп.

Сыршыл сазгер, ақын Тынышбай Рахимовті еске алуға арналған әдеби кеште жергілікті ақындар мен журналистер де өз ойларын ортаға салып, ком­­позитордың мұрасы қазақ халқымен бірге жасай беретіндігін тілге тиек етті. Әдемі әндермен әдіп­теліп, қазақтың қара өлеңі оқыл­ған іс-шараға қаты­­су­шылар Тынышбай Рахи­мов­­тің адами қасиетін жан-жақты ашуға тырысты.

 

ТАРАЗ