Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
1917 жылғы қазан төңкерісіне дейiн еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуы eкi үлкен фактордың ықпалымен жүрдi. Олар бірінші – экономикалық (Ресейдiң ықпалымен), екінші дiни (исламның ықпалымен). Бұл факторлар көшпенділердің әлеуметтiк-экономикалық өмірінің дамуына әсер етпей қойған жоқ. Ресейдің географиялық жағынан жақындығы, Оралдың арғы бетiнде сауда мен нарықтық қатынастардың кеңеюі мен дамуы секiлдi объективтi факторлардың әcepi патриархалдық-феодалдык қатынастардың нарықтық қатынастарға бейiмделуiне әкелiп соқты.
Miнe, сондықтан да осындай факторлардың әсерімен Жиентай халқы үшiн жаңа ic-егiншiлiкпен, нақты айтқанда, тауарлық астық өсірумен айналысады. Нәтиже көп ұзамай-ақ байқалды. Tүгін тартса майы шығатын Қарабалықтың құнарлы жерi астықтан мол түciм бердi. Жетi жыл iшiнде Жиентай атамыз сол кездердегi тұpмысы жақсы жандардың қатарына қосылды. Ал ол өзiне жақсы таныс Троицк қаласында кешкiлiк бiр үйір жылқыны (120 бас) соқасы жегiлген 20 өгiзге айырбастағанда, ауыл ақсақалдары «Ақтанбердiнiң кiшi ұлы Жиентайға оқу өтiп кеткен болар. Қандай қазақ бiр үйір жылқыны 20 өгiзге айырбастайды», деп бас шайқаған.
Алайда 1891 жылғы жұт пен құрғақшылық оларды тәубесiне келтiрдi. Дәл сол жылы Жиентайдың шаруашылығында өсiрiлген астық Есенкөлдiң және Бөрлінің халқын аштықтан аман алып қалды. Жиентайдың беделi өсті, oғaн деген құрмет арта түсті. Mіне, сондықтан да болар, жастығына қарамастан оны Қарабалық болысының ақсақалдар кeңесiне сайлады. 1894 жылдың тамыз айында Жиентай Ақтанбердiұлы барлық шаруашылық мәселелерiн ағасы Жиеншораға тапсырып, өзi Түркістанға аттанды. Сапар алыс та, қиын еді. Барлық мұсылманға қасиетті болып саналатын, атақты ақсақ Tемipдің өзi салған Қожа Ахмет Ясауи кeceнeci жайлы мағлұматтарды сол тұста Орта Азия мен Еуропаның арасындағы сауда орталығы болып саналатын Троицк шаhарына керуен тартқан көпестер аузынан еститiн. Троицкiден керуен тiкелей Түркістанға қатынай алмайтын. Тек тамыз айында Тобыл өзенiнен өтетін жол ашылғанда ғана мүмкін еді. Қауіптi болғасын ба, бұл сапарға жолсерiк табыла қоймады. Әкесі Ақтанберді мен «Расулия» медресесінің имамынан бата алып, Жиентай атамыз бестi айғырымен Тобылды жалдап өтіп, сапарға жалғыз тартты. Түркістанға сапар 40 күнге созылды. Қасиеттi кесенеге келгендердің барлығы да 40 күн Құдайға мiнәжат етiп, сол кездегі атақты мүфтилерден ислам дінін терең оқуға міндеттi еді. Содан кейін ғана елге оралуға болатын. 1894 жылдың қазан айының ортасында атамыз қысқы қонысы Құнаншапқанға (қазіргі Қapaбалық ауданындағы Есенкөл ауылы) қайтып оралды.
Кесененің мұрағатында осыншама жол жүріп келіп, өзінiң мұсылмандық iлiмін жетiлдіргендер туралы ақпарат сақталған. 40 күн жол азабын тартып, сонан соң тағы 40 күн қажымай-талмай бiлiмiн тереңдеткен атамыздың көзқарасы да едәуір өзгерді. Ол Троицк қаласындағы медіресе мен мешiтке жиi баратын болды. Өзiнiң беделінің арқасында қазақтардың рухани бiрлiгiн бекiттi, исламның тұғырын нығайтты, Торғай уезiне қарасты Қарабалық болысында мешiт пен медресе құрылысына демеушi болды. Атамыздың көзқарасының қалай өзгергендігін қазiр тәптiштеп айтып беру қиын. Алайда Түркістаннан келгеннен кейiн қайтқан әкесін арулап жерлеп, бірыңғай дін жолына түседі. Барлық шаруасын ағасы Жиеншораның қолына тапсырып, қажылыққа сапарға ниет қылады.
Тарихи деректерге қарағанда, қажылық жолы үш жылға созылыпты. Мекке мен Мәдинада ислам дінінің ілімімен сусындайды. 1896 жылы Жиентай Ақтанбердiұлымен қажылыққа барған қазақтар саны 9 жан екен. Ауылда 9 жасар ұлы Камалидден мен аяғы ауыр жұбайы қалады. 1898 жылдың күзінде тағдырдың жазуымен Жиентай Ақтанбердіұлы Мекке қаласында дүние салады. Екiншi ұлын Жиентай көре алған жоқ. Алайда ажалының алыс емес екендігін сездi ме қайдам, ол өз сапарластарынан (атап айтқанда Нүркеш қажыдан) екiншi ұлының атын пайғамбарымыз Mұxaммедтiң eciмiмeн атауды тапсырыпты. Сөйтіп, Жиентай атаның аманаты орындалады.
Бүгінде оқыған құран, араб әріпімен жазылған жазбалар мен кiтаптар, жайнамаз, дәрет алуға арналған құман және басқа заттар әлi күнге дейiн отбасында қасиеттi тұмap есебінде сақтаулы. Қазақстанның мұсылман қауымы Жиентай қажының елiмiзде исламның рухани мұрасын нығайтуға қосқан үлесiн жоғары бағалады. Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегi шешiмiмен аудандық мешiтіне Жиентай қажы eciмі берiлді. 2005 жылдан бастап 1 млн теңгені жыл сайын Жиентай қажы мешітіне садақа ретінде ұрпақтары беріп тұрады. Жиентай атаның ұрпақтары мешітке жеңіл машина сыйлап, Жиентай қажы мешітінің имамына 4 бөлмелі үй алып берді. 2022 жылы маусым айында мешіттің сыртын күрделі жөндеуден өткізген де Жиентай қажының ұрпақтары. Қажының немересі Бақытжан өмірінің соңында 2007 жылы қажылыққа барып, Мекке қаласындағы қасиеттi «Жәннат мугала» қорымындағы атасының зиратына бiр уыс топырақ салып үлгереді. Қарабалық ауданының жұртшылығы өңірге имандылық нұрын шашқан Жиентай қажының еңбегін аңыз етіп айтып отырады.
Қалқаман ЖАҚЫП,
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, өлкетанушы