Саясат • 22 Қараша, 2022

Инватакси ұйымдастырылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент сайлауы күні Астана тұрғындарының белсенділік танытып, бір кісідей дауыс беруі үшін жан-жақты жағдай қарастырылып, жолақысыз автобустармен қатар инватакси қызметі де ұйымдастырылды.

Инватакси ұйымдастырылды

Осынау маңызды күні «Жас мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов дауыс беру үшін қаладағы №74 мектеп-гимназиясында орналасқан №331 сайлау учаскесіне инватакси арқылы келді.

«Бүгінгі сайлаудан кейін еліміздің жағдайы одан әрі жақсарады және іске асырылған көптеген бағдарлама сәтті аяқталады деп сенемін. Сонымен қатар «Қазақ зағиптар қоғамы» қауымдастығының қала басшылығы мен инватакси қызметінің қолдауы арқылы қала шетінен келуге және сайлауға қатысуға мүмкіндік жасағанына ризшылығымды білдіремін. Бұл қызметті қалада мүгедектігі бар 29 мыңнан аса адам алады. Мұның бәрін қала басшылығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастырды. Біз сияқты жандардың қоғамның барлық мүшесімен бірдей негізде қалаған жеріне баруына мүмкіндігі бар екеніне қуанамын», дейді М.Әбдімомынов.

Елордада азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық сайлау учаскесінде тактильді бағдарлаушылар, шақыру түймесі, бірқатар сайлау учаскелерінде лифт орнатылды. 2 074 жеке көмекші, 233 ымдау тілі маманы және 22 инватакси жұмылдырылды.