Пікір • 22 Қараша, 2022

Сайлау бәсекесіндегі айқын жеңіс

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды науқаны әу бастан таза идеологиялық деңгейге көшті. Шын­дығында, сайлаушыға билік иесінің әлдебір даралан­ғаны емес, өз тәжірибесі бар, қазіргі жағдайға кең көзқарасы мен алдағы жылдарға арналған жұмыс жоспары бар басшы ұсынылды.

Сайлау бәсекесіндегі айқын жеңіс

Қазіргі Мемлекет басшысы харизма мен популизмнің орнына бағдарламалық платформалармен күресуді ұсынып, қарсыластарын тактикалық тұрғыдан жеңді. Тоқаевтың суреті бар бірде-бір билборд неме­се парақшаны көрмедік. Нақты ұрандар мен тезистер – «әділет», «бірлік», «күшті Қазақстан» дегенге баса назар аударылып, кандидаттың үгіт мате­риал­дарындағы QR-код сайлауалды бағдарламасы орна­ластырылған интернет парақшаға қосылды. Қ.Тоқаев өзін-өзі көрсетпей-ақ, тиісінше маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда реформалар үшін дауыс берген өз жақтастарының сеніміне кірді.

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша жазғы плебисциттен кейін бұл сайлауларды, шын мәнінде, негізгі сайлау процесінің бірігуі – консенсус да­уыс беруі ретінде сипаттауға болады. 2029 жылғы сайлау Конституция бойынша Қ.Тоқаевсыз өтеді.

Бұл сайлау саяси саланы іс жүзінде қайта даярлауға негіз болды. Ашық әрі әділ бәсекелестік үшін жаңа ережелер жасалып жатыр. Қ.Тоқаевтың үшінші мерзімге қайта сайлануының мүмкін емес­тігін ескере отырып, онымен қарсыласу прези­дент­тікке болашақ кандидаттар үшін тұрақты саяси капиталға айналу мүмкіндігін жоғалтады. Қаласақ та, қаламасақ та, жаңа кандидаттарды сайлау алдындағы науқанды неғұрлым конструктивті және жаңаша идеялармен жүргізілуі керек. Осылай болса ғана орындық кәсіби ойыншылармен толығады, оған халық та аса қызығушылық танытып, саяси науқанға белсене араласады.

 

Жақсылық СӘБИТОВ,

саясаттанушы, PhD докторы