Қазақстан • 22 Қараша, 2022

Қазақстанда қысқы дизель отыны қымбаттады

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айының қорытындысы бойынша дизель отынының бағасы бір жылда 12,5%-ға өсті. Мұндай деректер ұлттық статистика бюросының есебінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қысқы дизель отыны қымбаттады

Мәселен, Ақтөбе облысында қысқы дизель бір жылда 27,9%-ға, Абай облысында 24,6%-ға және Шығыс Қазақстан облысында 24,4%-ға қымбаттаған.

Бұл ретте Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында бағалар өткен жылдың қазан айы деңгейінде қалды. Түркістан облысында дизель 1,8%-ға арзандады.

Еnergyprom сарапшылары келтірген деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 4,6 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық.

Дизель отынының импорты 23,8 мың тоннаны, ал экспорты 60,5 мың тоннаны құрады.

Айта кетсек, 22 тамызда Қазақстанда дизель отынына сараланған баға белгіленді. Сол кезде Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған шекті бағалар туралы бұйрығы күшіне енген еді.