Футбол • 23 Қараша, 2022

Футбол: Мексика мен Польша тең түсті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катардағы әлем чемпионатында Мексика мен Польша құрамалары арасындағы мачта есеп ашылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: Мексика мен Польша тең түсті

«С» тобындағы Мексика мен Польша кездесуі 0:0 есебімен аяқталды.

Поляк футболшылары 58-минутта есеп ашатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Мексикалық қақпашы қорғаған қақпаға айып добын тепкен Левандовский отандастарын қуанта алмады.

Осы ойыннан кейін бір-бір ұпайға ие болған Польша мен Мексика «С» тобында 2-3-орындарға жайғасты.