«Алатау ауданы, Мәдениет (Рахат) ықшам ауданында бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес, тек жамаудың үстіне жамау. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», делінген жазбада.
Алматы қалалық Энергетика басқармасы аталған оқиғаға қатысты жауап берді. Олардың мәліметінше, қазір мамандар аталған мекенжайға жіберілген. Опырылып түскен жер арнайы лентамен қоршалған. Жақын арада қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
− «Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымының кепілді міндеттеме негізінде Рахат шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Қазір мердігер компания қатты жауын-шашыннан кейін пайда болған шұңқырларды толтырып жатыр. Жақын арада қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, − деп хабарлады Алматы әкімдігінің энергетика басқармасы.