Қазақстан • 24 Қараша, 2022

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы көңіл көншітпей тұр - сенатор

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Дәурен Әділбеков «Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысын қаржыландыру мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Ол Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында жобаны жүзеге асырудағы қиындықтарды көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы көңіл көншітпей тұр - сенатор

Сенатордың айтуынша, бұл тас жолды салудың жобалық-сметалық құжаттамасы 2016-2017 жылдары әзірленген. Құрылыс 2020 жылы аяқталуы керек еді. Бұл фактор, сондай-ақ жол-құрылыс материалдары бағасының кейіннен күрт өсуіне, нақтылай айтқанда алдын ала есептеулер бойынша құрылыс жұмыстары құнының 128 млрд теңгеге өсуіне әкелді.

«2019 жылы «ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, жол іргетасының төменгі қабатының құрылысы небәрі 1,3%-ға ғана аяқталды. Яғни, 726 шақырымның 9,2 шақырымы, жол негізінің жоғарғы қабаты - 1,1 пайыз, 8,2 шақырым, жол төсемінің төменгі қабаты - 1,1 пайыз, 6 шақырым. Бұл жұмыстарға 1798 адам, 998 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. 2020 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 20% - 142 км және 25% құрады. 2165 адам мен 1042 техника жұмылдырылған. Осыған байланысты, көрсетілген кезеңдерде тартылған жұмыс күші мен техника санымен орындалған жұмыстың айтарлықтай салыстырмалы диспропорциясы өзіне назар аудартады», деді сенатор.

Сенатор қазірдің өзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жоғалту қаупі жоғары екенін атап өтті. Мәселен, қазір асфальт-бетон жабындысының төменгі қабаты ғана төселген учаскелерде қозғалыс ашық тұр. Бұл оның міндетті түрде бұзылуына, демек, асфальттың жоғарғы қабатын салу кезінде проблемаларға әкеліп соғады.