Дәрігерлердің айтуынша, апат салдарынан 18 адам ауруханаға жеткізілген.
«Барлығы 18 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың төртеуі ауыр хәлде. Ситуациялық орталықтың нақты жұмысының арқасында ауыр науқастар ауруханалар арасында бөлінді. Тұрақты динамикасы бар екеуі Оңтүстік-Шығыстағы базаға жіберілді. Өте ауыр хәлдегі екі науқас оқиға орнында қалды. Жергілікті аурухананың күштері мен хирургтар операциялық бөлімше жағдайында шокқа қарсы және реанимациялық шараларды бастады.
Хирургтер бригадасы ұйымдастырылды. Оның құрамына медицина университетінің қызметкерлері, осы базада орналасқан хирургтар кірді. Оңтүстік-шығыстан хирургтар тартылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы ауыр. Қарқынды терапия жүргізілуде», деп түсіндірді Х.Ж. атындағы көпсалалы аурухана травматология бөлімшесінің меңгерушісі Мақажанова Берік Төлеубаев.
Айта кетейік, Қарағандыда бүгін таңертең екі жолаушы автобусы соқтығысты. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірі көз жұмды.