Департамент мәліметінше, 25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Жел мен қатты боранның салдарынан жол көрінбейді.
«Азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және «112» қызметінің хабарламаларын қадағалауды сұраймыз. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райының болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру қажет», делінген хабарламада.