Президент • 26 Қараша, 2022

Бүгін Президентті ұлықтау рәсімі өтеді

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті ретінде салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Президентті ұлықтау рәсімі өтеді

Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашаға бекітілді. Бұл ел тарихындағы жетінші инаугурация болмақ. Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Бұдан соң, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Сол сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып есептеледі.

Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Еске сала кетсек, ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 22 қарашада өткен ведомство отырысында Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын жариялады. Сайлау нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.