26 қарашада Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының басшысы құтқарушыларға хабарласқан. Ол Қаратал ауылының маңында мал іздеуге кеткен 2 шопанның жоғалғанын жеткізген. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын «КУНГ» автокөлігімен көмекке аттанған.
«Құтқарушылар қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан 1963 және 1983 жылғы ер адамдарды іздестірді. Шопандардың бірі «Жадыра» шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды. Ал екіншісі көп ұзамай өз бетімен оралды. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.