Спорт • 28 Қараша, 2022

«Төрттік финалдан» тыс қалды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстанның 19 дүркін жеңімпазы, Чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарған Алматының «Қайраты» қатарынан екінші жыл «Төрттік финалға» шыға алмады.

«Төрттік финалдан» тыс қалды

 

Биылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Португалияның «Бенфика», Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» және Чехияның «Хрудим» командаларымен бір топта өнер көрсеткен қазақстандық клуб бірде-бір ойында жеңіске жете алмай, жанкүйерлерін жерге қаратты. Бірінші турда «Люксол Сент-Эндрюспен» тең түскен (0:0) «Қайрат» екінші және үшінші турда «Хрудим» мен «Бен­фикадан» 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сөйтіп, үш ойында небәрі бір-ақ ұпай жинаған алматылық ұжым өз тобында соңғы орында қалып қойды. Ал екі ойында жеңіске жетіп, біреуінде ұпай бөліскен «Бенфика» 7 ұпаймен турнирдің финалдық сатысына жолдама алды. Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші жыл «Төрттік финалдан» тыс қалды.