Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес құрамында Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері бар, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы да болып өтті. Оған министр Саясат Нұрбек қатысып, кеңестің алдағы жоспарларына тоқталды.
«Жаңадан құрылған министрліктің алдына Мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзыреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз», дейді министр.
Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды.
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов;
2. Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова;
3. Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария;
4. Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов;
5. Тіл саясаты мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова сайланды.
Жиын соңында 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді.
Айта кетейік, отырысқа Қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар