Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Казақстанның халық әртісі, әнші Бақыт Әшімованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Күндер-ай» атты ән кеші өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін еске алу кешінде әнші репертуарынан үздік шығармалар орындалады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева. Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе.
Қазақ академиялық опера және балет театрында ұзақ жылдар бойы меца-сопранолық рөлдерді нәзік иіріммен байытып кеткен
Б.Әшімова жоғары орындаушылық мәнерімен ел есінде қалды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» мен «Ер Тарғынында» Дүрия, Қамқа, Жаңқа, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайы» мен «Төлеген Тоқтаровында» Қарлығаш, Люба, М.Төлебаевтың «Біржан–Сарасында» Аналық, Н.Жигановтың «Алтыншашында» Тоғызақ, П.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде» Ларина, Дж. Пуччинидің «Чио-чио-санында» Сузуки, З. Исмагиловтың «Құдашасында» Шәмсия рөлдері Б.Әшімова сомдауында мүлде жаңа қырынан ашылды. Б.Әшімова өнерінің екінші қыры – камералық әншілігі. Ол Н. Тілендиевтің «Куә бол», «Махаббат мұңы», «Күндер-ай», «Жүрегім менің», «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың» және Рахмадиевтің «Бала ғашық», «Сағындым еркем», «Күзде» әндерін алғаш рет орындап, қалың жұртшылықтың ықыласына бөленді.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева, Дина Хамзина
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Бәзілжан, Фархат Кубиев, Әзиза Әбдрейім, Нұрғалым Аманбай, Дияр Нұрсұлтановтар өнер көрсетеді. Бағдарламада Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» «Сөнбейді әже, шырағың», «Әжеме», «Сарыжайлау», «Әкеме», «Жүрегім менің», «Алматы кешінде», «Куә бол», «Күндер-ай», «Өз елім» әндері мен күйі, сондай-ақ, Қазақтың халық әні «Ғазизагүл қарағым-ай», «Желбір жекен», «Әпитөк», Үкілі Ыбырайдың «Харарау», Өмірбек Байділдаевтың «Туған ел», Мәкәлім Қойшыбаевтың «Әмудария», Шәмші Қалдаяқовтың «Шынарым» әндері орындалады.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар