Спорт • 29 Қараша, 2022

Кезекті жеңісіне қол жеткізді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Кореяның бас шаһары – Сеул мен Инчон қаласында гандболдан XIX Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлық додасына қатысып жат­қан Қазақстанның әйелдер құрамасы жа­рыс­­тың кезекті күнінде Тайландты тізе бүктірді.

Кезекті жеңісіне қол жеткізді

Азия біріншілігінің «В» тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміздің бұл – чемпионаттағы екінші жеңісі. Бұған дейін қазақстандық гандболшылар екінші турда Гонконг құрамасынан басым түскен болса, алғашқы турда Қытай спортшыларына есе жіберген еді. Бұл жолы Тайландтан айласын асырды – 30:24. Екі жеңістен кейін Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орында тұр. Қыздарымыз соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.

Құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Биылғы Сары құрлық додасында үздік шыққан 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия және Швецияда өтетін XXVI әлем чемпионатына жолдама алады.