Оқиға • 29 Қараша, 2022

Алматыда ер адамды таспен ұрып өлтірген

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 26 қарашаға қараған түні төрт ер адам бірігіп екі баласы бар ер адамды таспен ұрған. Алған жарақаттарынан ер адам қайтыс болды. Марқұмның үйі бір ай бұрын өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адамды таспен ұрып өлтірген

Куәгердің айтуынша, 48 жастағы Виталий Стрельников досын шығарып салу үшін үйден шыққан. Кейін мас күйінде болған төрт ер адамды кездестіреді. Олар ер адамды таспен ұрған. Куәгер атап өткендей, қылмыскерлердің жұмысы оқиға орнына жақын болған. Сондай-ақ үш қылмыскер бұрын сотталған болып шықты. 

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер ұсталды», деді қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Полицейлердің алдын ала мәліметінше, мас күйінде болған ер адамдар арасында жанжал шығып, кейін төбелес болған. Қылмыстың өзге де мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады.