03 Маусым, 2014

«Оқжетпес» күн сайын жүреді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 9 маусымнан бастап «Астана – Бурабай ку­рорты» бағытындағы №805/806 «Оқжетпес» пойы­зы күнделікті қатынауға ауы­сады. «Оқжетпес» пойызы Астанадан 18 сағат 55 минутта аттанып, Бурабайға 21 сағат 46 минутта келеді, өз кезегінде Бурабайдан 22 сағат 40 минутта шығып, Астанаға 01 сағат 37 минутта келеді. Электр пойызы жолда ешбір стансаға тоқтамайды. Құрамда 3 бірінші санатты, 3 екінші санатты, 2 үшінші санатты вагондар бар. Жаңа құрамда жолау­­­шыларға барлық жағдайлар жасалған. Онда жұмсақ эрго­номикалық орындықтар, жылыту және салқындатуды бөлек басқаратын ауа баптау жүйесі, вагонаралық герметикалық өтпелер, салондар мен тамбурларды бейнебақылау жүйелері, Wi-Fi, қазақ және орыс тілдеріндегі сапар туралы ақпарат беретін «Жүгіртпе жол» тақтасы бар, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.