03 Маусым, 2014

Балалар үйінде болды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері Комиссия төрағасы Қуаныш Сұлта­новтың басшылығымен «Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барып қайтты. Туған кезінен бастап 4 жасқа дейін­гі балалар толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін Балалар үйіне барудың мақсаты осы мекемедегі балалардың өмір сүру жағдайымен, олардың Қазақ­стан Республикасының Консти­туциясымен және қолданыстағы заңнамалық актілерімен, Қазақ­станның бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық мін­дет­темелерімен, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ба­ла құ­қықтары туралы конвен­ция­сы­мен кепілдік берілген құқық­тары­ның сақталуымен танысу болды. Балалар үйінің тәрбие­шіл­ері­мен, педагогтарымен, психолог ма­ман­дарымен және медицина қыз­меткерлерімен, басқа да қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Комиссия мүшелері балалардың үйлесімді даму, денсаулығын сақтау және білік­ті медициналық көмек алу конс­ти­туциялық құқықтарының қамта­масыз етілуі, Қазақстан мен басқа шетел азаматтарының балаларды асырап алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Балалар үйіне барғанда жи­налған материалдар Комиссияның арнайы баяндамасына енгізілетін болады. Бұл іс-шара Президент Әкім­шілігінің және Президент жанын­дағы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның 2014 жылға ар­нал­ған жұмыс жоспарларына сәйкес және Балаларды қорғау­дың халықаралық күніне орай жүргізілді. «Егемен-ақпарат».