03 Маусым, 2014

Маңызды мәселелер шешімін табады

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақыт­жан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері Орта­лық ком­муникация­лар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда еліміздің әлеу­мет­тік-эконо­ми­калық дамуының бірқатар мәселелері әңгіме болды. Үкімет басшысының орынбасары Үкімет отырысында талқыланып, қаралған мәселелер жөнінде айтты. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы тәптіштелгенін, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматыда өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуіне қатысты мәселелер зерделенгеніне тоқталды. Сондай-ақ, 2014-2015 жылдарға арналған тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жобасы қаралып, мақұлданғанын жария­лады. Үкімет отырысында Өңір­лік даму министрі Б.Жәмішев жер заңнамасын жетілдіру бойын­ша шаралар туралы, ал Ауыл ша­руа­шы­лығы министрі А.Мамытбеков ве­теринарлық қауіп­сіздікті қамта­ма­сыз ету туралы баян­дама жасаған. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қап­паров су ресурстарын басқару бойын­ша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шара­лар жоспарының бірінші кезек­тегі шаралары туралы әңгіме­леген. Оған зер салсақ, жос­пардың бес мақсатты индикаторы бар екен. Бұл – суды үнемдеу, су ресурстарын арттыру, ауыз сумен жабдықтау, су бұру және экожүйені сақтау. Нақты айтқанда, жоспар су тұтынуды ІЖӨ деңгейі бойынша 14 пайызға азайтуды, су жинауға арнайы шаралар қолдануды, әсіресе транс­шекаралық өзендерге тәуел­ділікті төмендетуді қарас­тыратын көрінеді. Мұнымен бірге, республикалық және ком­муналдық меншіктегі магис­тральдік және үлестіруші су арналарын күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру жоспарланған. Сондай-ақ, елімізде жаңадан 29 су қоймаларын салу қарастырылып жатыр екен. Үкімет отырысында та­биғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Ос­па­нов тарифтік саясатты жетіл­діру бойынша тәсілдерді баяндап берген. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау ми­нистрі Т.Дүйсенова «Жұ­мыс­­пен қам­тудың жол картасы-2020» бағдарламасын тағы бір пы­сықтау үшін ортаға салған. Баспасөз мәслихатында сөз алған Тұтынушылардың құқы­ғын қорғау агенттігінің төра­ғасы Б.Қуандықов Қазақстанда бүгінгі күні зертханада жүр­гізілген жұмыстардың нәти­жесінде қызылша ауруын жұқ­тырудың 140 фактісі анықтал­ғанын жайып салды. «Биылғы жылдың басынан бері зертханада дәлелденген қызылша жұқтырудың 140 фактісі анық­талды. Қазіргі уақытта агенттік тиісті жұмысты қолға алған. Біз аурудың негізгі себептерін сараладық, кей кезде вакцина жүргізілмегендіктен, осындай жағдайға душар болдық. Сондықтан қазіргі уақытта басты міндет егілетін топтарды толық қамту болып отыр. Негізінен, олар 29 жасқа дейінгі жастар», деді төраға. Бүгінде агенттік аумақтық құрылымдарға тиісті тапсырма беріп, бұл жұмысты жергілікті әкімдіктермен бір­лесіп атқаруды қолға алыпты. Бұйырт­са, таяу арада аурудың сал­­дарын жою үшін барлық қа­жетті іс-шаралар басталғалы тұр екен. Өңірлік даму министрі Үкі­мет отырысында жердi тиiмдi пайдалану ережелерiне нор­ма­тивтiк құжат мәртебесiн бе­руді ұсынғанын айтты. «Ауыл­шаруашылық маңызы бар жерлердi инвентаризациялау жүргiзiлiп жатқан үш жылда қандай жер телімдері мақсатты түрде, қайсысы тиiмсiз қолда­ны­лып жатқанын анықтау бойынша бiрқатар мәселелер туындады. Осыған орай заңнамалық тұрғыда бiрқатар өзгерiстердi енгiзу ұсынылып отыр. Олар бұл түсiнiктердi нақтылап, қолданылмай жатқан жер телімдерiн анықтаудың тиімді тетiктерiн айқындап беретін болады. Жердi тиiмдi пайдалану ережелерiне нормативтiк құжат мәртебесiн беруді осы мақсатта ұсынып отырмыз», дедi Жәмiшев. Бұл ұсынысты олар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге әзірлепті. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».